Untitled Document

Сұхбат - Еркектің әйелі алдындағы міндеттері

Ибраһим Хаққы Арзурумидиң «Марифатнама» атты кітабында былай делінеді:

- Оған әрқашан жақсы мінезбен қарау.
- Онымен әрдайым жұмсақ мәміледе болу.
- Үйге келгенде әйелімен сәлемдесу.
- Оған оңашада сүйетінін айту.
- Ренжулі екенін көргенде жағдайын сұрау.
- Көңілін аулау.
- Бала тәрбиесінде оған көмектесу.
- Еліндегі дәстүр бойынша киіндіру.
- Мүмкіндік болса, жақсы нәрселер жегізу.
- Әйелін ұрмау.
- Бір күннен артық ренжіп жүрмеу.
- Оның жаман мінезіне сабыр етіп, өзінің де күнәсі бар екенін ойлау.
- Жақсы істері көп болса Аллаһқа шүкір ету.
- Әйелі «күйеуім мені бәрінен жақсы көреді» деп ойлауы керек.
- Үй-ішілік және сыртқы істерде оның да пікірін тыңдау
- Үйде үстем әйел емес, еркек болу керек.
- Күнә емес кемшіліктерін көрмеу.
- Айыптарын барлық адамға айтпау.
- Кейде әзілдесіп, онымен ойын ойнау.
- Оны бүлікке себеп болатын жерге апармау.
- Дінін, харамды, адалды, міндеттерін үйрету.
- Әйелінің хабарынсыз сапарға шықпау.
- Оған дұшпандарын, қарыздарын айтпау.
- Оған қайырлы дұға жасау және оны қарғамау керек.