Untitled Document

Күннің тарихы - Талғат Бигелдинов (2)

Сұхбатында былай деп жалғайды: «Жүзге келген апам сол дұғаны маған жаттатты. Бірінші рет самолетке отырар алдында, осы дұға ойыма сарт ете қалды. «Оһ! Маған жасын ойнағанда осы дұғаны оқы деп еді ғой! От пен оқ та бір жасын емес пе!» деп өзімше ойладым да, апам жаттатқан дұғаны оқыдым. «Ләә хаула уә ләә қууата иллә билләәһил ъалийл ъазиим. Машаа алллаһу кәәна уә мәә ләм яша' ләм укян. Әл-имәәну иқрарун бил-лисаани уә тасдииқун бил қалби, би мәә жәә-а биһи мин ъиндилләәһи. Мухаммадун расулуллаһ саллаллааһу әлайһи уә саллам.» (Қазақша мағынасы: Нағыз күш-қуат ұлы да үстем Аллада. Алла тағала қалаған нәрсесі болады, ал қалмағаны болмайды. Иман – ол Алланың құзырынан Мұхаммедке (с.а.с) келген дінді тілмен айту әрі жүрекпен растау)

Тағы бір айта кетерлік жәйт Талғат атамыздың ұшағының нөмірі 13 болған екен. Бұған байланысты мысқылдап күлгендер де болған көрінеді. Сұхбатында: «Самолетті тексеріп қайтып келсем, командир ішек-сілесі қатып күледі. «Саған өзі, мына самолетті кім берді?». «Кім бергені қалай? Полк командирі берді де». «Ойбай-ай, ана нөмірін қарашы?» деп сылқ-сылқ күледі. «Нөмірінің несі бар екен? 13. Оның несі күлкілі?!». «Сонда сен 13-нөмірмен соғысқа шығамын деп тұрсың ба?» дейді ғой. Қайдан білейін, маған «анау, ең соңғы тұрған самолетке отыр» деген. Қарасам, күлсе, күлгендей, самолетімнің «бет-аузының» адам көретіндей емес, оқ тиген жерін жамай берген, жамай берген, құрақ-құрақ, бауыры, оң бүйірі, сол бүйірі, қанат, құйрығының сау жері жоқ, жамау-жамау...»

БАҚ