Әлем - Ислам арқылы өзімді таптым
Ислам дінін қабылдап жатқандардың саны, барлық өлкелердегі секілді, Дания елінде де қарқынды түрде көбеюде. Жиырма жасар Саша Коммер солардан бірі. Ол дінін ауыстырудан алдын, отбасында христиандық сенімімен өмір сүрмейтінін, тек жылда бір рет қана рождествоны тойлайтынын айтты. Копенгагенде оқып жүрген кезде мұсылман қыздармен достасқанын айтқан Коммер: «Олардың бізге қарағанда бақыттырақ екенін, жан тыныштығы ішінде өмір сүретіндерін көрдім. Сұрақтарыма берген жауаптарының маған әсте-әсте әсер ете бастағанын сезіндім. Газеттердегі ислам дініне қатысты оқыған көптеген мақалалардың шындықтан алыс екенін түсіндім. Ислам дініне деген қызығушылығым одан да арта бастады. Кейін ислам дінін зерттедім. Досыммен ислам мәдениет орталығына барып, шәһадат кәлимасын айттым. Ол жердегі бүкіл әйелдер әр бір кәлимасын қайталап, кейбірлері жылап жатқан еді. Мен де көз жастарымды ұстап тұра алмадым. Ішімде рахаттықтың пайда болғанын сездім. Міне осы! Міне ең хақ дін осы, дедім. Мен бұдан былай бақыттымын.»
Білесіз бе - 13 саны
Христиандар 13-ші нөмірлі бөлмеге кірмейді, 13 нөмірлі үйде тұрмайды, 13-ші орынға отырмайды, 13 саны бар нәрселерден қашады. Кей елдерде қонақүйлерде 13-ші қабат, 13-ші бөлме және кей елдің ұшақтарында 13-ші орын болмайды.
Пайғамбарымыздың туылған жылы 571 жыл, Стамбулдың алынған жылы 1453 жыл және бұлардың қосындысы 13 шығатындықтан христиандар бұл санды бақытсыз сан деп есептеген деседі. Дінімізде бақытсыз сан, бақытсыз күн деген ырым-нанымдар жоқ.