Күннің тарихы - Андалусия шындығы
Тарық бин Зияд бастаған мұсылмандар 711 жылы Испанияға өтіп, Кордобаны бас қала етіп, еуропаға мәдениет алып келді. Үлкен сарайлар, ауруханалар, медреселер және үлкен университет салдырды. Бұл университет еуропада ең алғаш құрылған университет болып табылады. 600 000 жуық кітабы бар кітапханалары болды. Ол дәуірге дейін еуропалықтар білім, техника, медицина, шаруашылық және мәдениетте өте артта қалған болатын. Ғылым және мәдениетте мұсылмандар оларға ұстаздық етті.
Андалусия ислам мемлекетін құрған І. Абдурахман бин Муавия Кордобада үлкен мешіт салдырды. Мешіттің құрылысы 785 жылы басталды. І.Абдурахманның өзі де әр күні құрылысшылармен бірге жұмыс істеді. Құрылыс материалдары шығыс елдерінен әкелінді. Мешіттің тақтайлары Ливанның ең керемет ағаштарынан жасалды. Ирак пен Сириядан піл сүйектері, інжу, зүбаржат және көптеген бағалы асыл тастар әкелінді. Өзге жерлерден де түрлі түсті мәрмәрлар алынды. Әлемдегі ең көп тіреуіштері бар мешіт Кордоба мешіті болып табылады. Мешіттің 1419 дана тіреуіші бар. Тіреуіштердің көбісі граниттен, кейбіреулері өзге тас түрлерінен жасалған. Тіреуіштер, кірпіш пен ақ тастардан жасалған аркаларды ұстап тұр. Кордоба мешітінің ең әдемі жері михраб пен мінбері болып саналады. Мешіттің михрабы аттың тағасы күйінде жасалған. Михрабтағы арканың тіреуіштері өте керемет шеберлік үлгісі. Мешіттің сыртқы әшекейлері көп зиян көргенімен ішкі әшекейлері әлі күнге дейін көз тоймастай қарарлық әсемдікте. Мешіттің тағы бір ерекшелігі, аркалардың екі қабатты түрде жасалуы. Бұл ерекшелік тек Кордоба мешітінде ғана бар. Христиандар Андалусияны басып алғаннан кейін 1523 жылы бұл сымбатты мешіттің ортасындағы 63 дана тіреуішін құлатып, орнына шіркеу салды.