Untitled Document

Ғылым және техника - Ғарыш сапарым

Малайзиялық астронавт Шейх Музафар Шукор ғарышқа жасаған сапарын қысқаша былай баяндайды:

«Ислам – өмір сүру үлгісі. Мен ғарышқа жасаған сапарымда намазымды да оқыдым, оразамды да тұттым. Тіпті ол жерде азанның дауысын да естідім. Ғарыш станциясының ішінде шынайы азан дауысын естідім. Басқа астронавттар азанның не екенін білмейді, бірақ мен өзім физикалық тұрғыда ол дауысты естідім. Ғарышта азан дауысының естілгеніне таң қалмайсың. Өйткені ғарышта әрбір сәтте Аллаһтың бар екенін және құдіретін жан-тәніңмен сезінесің. Ғибадаттарды жасаған кезде қарын ашу, шөлдеу, шаршау деген нәрсені сезінген жоқпын. Ғарышта қатерлі ісік жасушаларына зерттеулер жүргіздік. Жасалған тәжірибенің 80 пайызындай бөлігі аяқталды. Ғарышта жасушалар тез жаңаланады. Сондықтан ғарышта ұзақ уақытқа қалмау керек. Өйткені жасушалар тез жаңаланатындықтан қартаю үрдісі тез жүреді.»

Мәлімет - Күнтізбедегі Ораза кестесі

Рамазан айының қазаларын немесе Шәууал айының оразасы сияқты қасиетті күндерде ораза тұту үшін күнтізбеміздегі «Имсак» деген уақытта ауыз бекітіліп, «Шам» деген уақытта ауыз ашылады. Яғни ораза тұтуды бастау сағаты ретінде күнтізбемізде «Имсак» (тыйылу) сөзімен берілген бағанадағы сағаттарға қарау керек. Сәреге тұрғанда сәре тамағын имсак сағатына дейін ішіп-жеп болу керек. Таң намазы уақыты күнтізбеміздегі имсак сағатынан шамамен 20 минут өткен соң басталады. Ауызашар уақыттары «Ақшам» бағанасындағы сағаттар мен көрсетілген. Демек ауыз бекіту және ашу сағаттарында күнтізбедегі «Имсак» және «Ақшам» уақыттарына қаралады.