Рамазан сұхбаты - Пітір беру
Өзіне қажет заттардан, қарыздарынан артылатын малы және ақшасы бар әрбір мұсылман рамазан айында айт намазына дейін пітір беруі уәжіп. Сапардағы адамның да пітір беруі керек.
Қажет нәрселер дегеніміз бағасы қанша болса да бір үй, бір айлық азық-түлік, жыл сайын үш қабат киім, үй заттары, қөлік құралдары, мамандық кітаптары және төлейтін қарыздар. Саудаға арналмаған, қажеттілігінен артылатын нәрсе, жалдағы үйлер, үйіндегі әшекей бұйымдар, өнер және сауда заттары, жерге төселмеген кілемдер, қолданылмайтын артық үй заттары - пітір мен құрбандық етілетін заттар болып табылады.
Пітір ретінде 1750 гр бидай немесе бидай ұны, 3,5 кг арпа, құрма немесе кепкен жүзім беріледі. Осылардың бағасымен есептеп алтын немесе күміс беруге болады.
Рамазан сұхбаты - Оразаның қасиеттерінен
Аллаһу та'ала рамазан айында күндіздері ораза тұтуды әмір еткен. Аллаһу та'ала бұл әмірді себепсіз бермеген. Оразаның адамдарға әрі материалдық, әри рухани пайдалары бар. Бүкіл бір жыл бойы түрлі тағамдарды қорыту үшін шаршаған адамның асқазаны және аш, тоқ шектер жылына бір рет демалып саулығын қорғаған болады. Бұл материалдық пайдасы. Рухани пайдасы мынау: Ораза тұтқан адам аш қалған адамның тарттқан қиыншылықтарын тікелей өзі сезініп, кедей адамдарға көмектесу қажеттілігін түсінеді. Бұл да адамдардың бір-біріне көмекші болуларына себеп болады. Ал бір-бірлеріне көмектесетін қоғамның ішінде қақтығыстар, келеңсіз жағдайлар болмайды. Бұдан басқа Аллаһу та'аланың әмірін орындау үшін күндіздері бір ай ораза тұтқан мұсылман, Аллаһу та'аланың басқа әмірлерін де орындауға дағдыланады.