Untitled Document

Рамазан сұхбаты - Оразаның түрлері

Оразаның сегіз түрі бар.

  1. Парыз болған оразалар: Қасиетті рамазан айындағы ораза.
  2. Муаййан (белгілі бір уақытта) болмаған парыз оразалар: Қаза және кәффарат оразалары осылай.
  3. Уәжіп оразалар: Бұлар белігілі уақыттарда болады. Белгілі бір күні немесе бірнеше күн ораза тұтуды атау (нәзір ету) секілді оразалар.
  4. Ғайримуаййан (белгілі уақытта болмаған) оразалар: Кез-келген бір күн немесе бірнеше күн ораза тұтуды атау секілді оразалар.
  5. Сүннет болған оразалар: Мұхаррам айының тоғызыншы және оныншы күндері ораза тұту секілді.
  6. Мүстаһаб болған оразалар: Әр араби айдың 13 -14 -15 күндері және құрбан айтының алдындағы арапа күні ораза тұту мүстаһаб болады.
  7. Харам болған оразалар: Рамазан айтының бірінші күні және құрбан айттың барлық күнінде ораза тұту харам болады.
  8. Мәкрух болған оразалар: Мұхаррам айының жалғыз оныншы күні, тек жұма немесе сенбі күні, наурыз немесе меһрижан күндері және бүкіл жылдың барлық күнінде ораза тұту және сөйлемеу шартымен ораза тұту мәкрух болады.