Денсаулық - Шөлден келген шипа – Құрма
Рамазан айының және дастархандардың бас мәзірі болған құрма – жай ғана жеміс емес, ол денсаулық қоймасы. Атап айтқанда:
• Құрманың құрамындағы фосфор мидың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Шаршағанда жақсы көмектеседі.
• Құрмада В1 және В2 дәрумендері болады. Бұлар да миды және жүйке жүйесін тынықтырады.
• Қабығы мен сүйегінде көп мөлшерде дәрумен болғаны үшін, сүйектерін де сорып жүруге кеңес беріледі.
• Құрма қақырыққа және жөтелге жақсы септігін тигізеді.
• Қан тамырларын жұмсартады және тамыр қатаюының алдын алады. Одан бөлек қанды тазалайды және қан қысымын да реттейді.
• Арабтар кофе және басқа да ішетін сусындарымен бірге міндетті түрде құрма жегені үшін, оларда холестерин аз болады.
• Қуық және бүйрек қабынуында шипа болады. Суы бүйрек тастарының ыдырауына өте пайдалы.
• Қарағай жаңғағымен (кедровый орех) бірге желінетін болса, бауырды тазалайды және қуаттандырады.
• Құрмада А дәрумені мол болғандықтан көздерді қуаттандырады. Ақшам соқырлығынан (куриная слепота) және басқа да көз дерттерінен қорғайды.
• Адамның іші өткен кезде және құсқан кезде дене өте көп мөлшерде су, тұз, калий, натрий және глюкоза жоғалтады. Ал құрмада осы элементтердің барлығы молымен бар.
• Құрманы әрдайым тұрақты жеп жүру геморройдың да алдын алады.