Untitled Document

Денсаулық - Пайдалы кеңестер

• Консерві құтыларының кескен жерлері терең әрі қатты жарақаттауы мүмкін, абай болу керек.
• Кішкентай ғана ұшқын үлкен ғимаратты құлатуы мүмкін.
• Электрлі жабдықтардың розеткада қосулы қалмауына мұқият болу керек.
• Үй және бау-бақша құралдарының пайдалану нұсқаулығын мұқият оқып шығу керек.
• Суға толы үлкен ыдыстардан балаларды алыс ұстау керек.
• Дауылды күндерде найзағай түсу ықтималын ескеріп, ағаштардың астынан алыстау тұру керек.
• Велосипед айдағанда цирк әртістері сияқты әр түрлі трюктар жасамау керек.
• Басқа киіп ойнауы мүмкін пакеттердің ауа өткізбейтінін ұмытпай, мұндай заттарды балалардың қолы жетпейтін жерге қою керек.
• Көше бойы балалар үшін өте қауіпті ойын алаңы.
• Күнге шамадан артық күюдің күйіктерге және тері қатерлі ісіктеріне себеп болатынын ұмытпау керек.
• Әсіресе оқатар қарулармен әзілдесуге болмайтынын ешқашан ұмытпау керек.
• Қауіпсіздік белбеуі өмірді сақтап қалуы мүмкін.
• Розеткалар балалардың қолы жетпейтін биіктікте болу керек.
• Темекі шегу денсаулыққа зиянды, егер төсекте шегілетін болса өрт шығу қауіпі бар.
• Ескі электр кабельдері жылына бір рет тексерілуі керек.