Ғибрат - Ұлылардың сөзі
Қылмыс істеген бір жас жігітті тәртіп сақшылары ұстап алып, таяқпен сабай жөнеледі. Бірақ жігіт қанша таяқ жесе де еш үнін шығармайды. Тәртіп сақшылары: «Қатты шаршадық, біраз демалып алайық, сосын жалғастырамыз», деп ұруды тоқтатады. Адамдардың арысында тұрған Бишри Хафи хазреттері әлгі жігіттің жанына келіп: «Осыншама көп соққы жесең де неге дауысың шықпады. Әлде ауырмады ма?» деп сұрайды. Қылмыскер жігіт: «Неге ауырмасын? Ауырғанда қандай?! Жаныма батқандығы соншалық жынданардай жаншылып отырмын.» дейді. Бишри Хафи хазреттері: «Онда неге дауысың шықпай жатыр?» дегенде ол: «Адамдардың арасында жақсы көретін қызым бар. Қазір ол маған қарап тұр. Ол маған қарап тұрған кезде еркектік намысымды қорлай алмаймын», дейді. Сонда Бишри Хафи хазреттері: «Ал Аллаһу та'ала қазір сені көріп тұрған жоқ па? Ол саған мына қыздан да сүйікті емес пе?» дейді. Аллаһу та'аланың сүйікті құлы, әулиесі, Бишри Хафи хазреттерінің осы сөздерінен әсерленген баланың көңілінде өзгеріс пайда болып: «Иә хазірет. Қыздан бас тарттым. Бұдан былай тек Аллаһу та'аланың разылығын көздеп әрекет ететін боламын», дейді. Мұны естіген тәртіп сақшылары да сол сәтте ұруды тоқтатады. Жас жігіт осылайша «Аллаһ» деп айтудың сыйапатын дереу көрді. Берген уәдесінде тұрып, оқып, білім алып, әулие кісілерден болады.
Қисса: Ұлылардың сөзінде раббани әсер бар. Сондықтан осындай ұлыларды тану – үлкен бақыт.
Кешегі жауап: 6 қаңтарда
3-ші күн = 13 адам 4-ші күн = 40 адам
5-ші күн = 121 адам 6-шы күн = 127 адам