Untitled Document

Денсаулық - Чипс және Кола

«Англиядағы жүрек саулығын сақтау қоры, чипс жеуді азайту үшін: «Чипс жеудің май ішуден айырмашылығы жоқ» деген ұранмен бір науқан бастады. Әлемдегі көптеген қоғамдық ұйымдар, университеттер, қорлар чипстің зияндарын айтып жар салып жатқанымен, чипс жейтіндердің саны жыл сайын арта түсуде. Чипстің құрамындағы майдан басқа тұздың болуы одан да үлкен қауіп төндіруде. Шамадан тыс желінген май және тұз, холестерин, миокард инфаркті және паралич сияқты қауіпті ауруларға жол ашады. Сондай-ақ Туркияда 50 өнімнің ішінде құрамында ең жоғары мөлшерде канцероген элементі бар азықтың чипс екені анықталды. Оның калориядан басқа ешқандай азықтандырушы қасиеті де жоқ.

Айран және сүт сияқты ұлттық және пайдалы құндылықтарымызды жоғалтудамыз. Оның орнына зиянды болған кола сияқты газды сусындар дастарханымыздан үзілмеуде. Америкалық Дәрігерлер Одағы, кола ішуге әдеттенгендерде сүйек сыну жиілігі 3 есе артатынын және бүкіл ауруларға себеп болатын семіздік пен кола ішудің арасында маңызды байланыс бар екенін мәлімдеді. Мамандардың болжамы: егер сүт ауылдағы сиырдың емшегінен емес, халықаралық фабрикадан шығатын, формуласы жасырын және өндірушілерге 500% пайда түсіретін өнім болғанда, қазір барлық адамдар сүт ішіп отырған болар еді.

Зекертік жұмбағы - 100 саны

Төмендегі есепте әрбір әріп 1ден 9 ға дейінгі санды білдіреді. Әріптерде жасырынған сандарды таба аласыз ба?
A B C + D E F - G H I = 1 0 0

(Жауабы ертең...)