Мәлімет - Тағы да нан туралы
АҚШ-тың президенті Герберт Гувердің де «Соғыста алғашқы сөз зымырандікі, соңғы сөз нандікі» дегені мәшһүр. Соның мысалы екінші дүниежүзілік соғысында көптеген елдерде нан тапшылығы орын алып, нан талонмен санаулы түрде беріліп, тіпті нанның мөлшерін көбейту үшін кебек, емен жаңғағы, алабота, сыпырғының дәндерін де диірменнен өткізіп қосқандығы айтылады.
Францияның ханшайымы Мария Антуанетта айтты деп танылып, ал негізінде француз жазушысы Лабрюйердің романында өткен «Нан таппаса, торт жесін!» сөзі мәшһүр. Ауыз-екі хикая бойынша өмірінде мүлдем таршылық көрмей өскен Мария Антуанеттаға елдегі аштық, нан тапшылығы туралы жеткізілгенде, «Сол да сөз бе, нан таппаса торт жесін» дегені айтылады.
Жаңа Гвинеяда өсетін Нан ағашы да ерекшелігімен назарға енеді. Бұл ағаш нанмен картоп дәміне ұқсас жеміс береді. Яғни же¬місінің крахмалы көп, дәмі бидайдың наны сияқты. Жергілікті тұрғындар мұны шикідей де, қуырып та жейді екен.
Күлімдейік - Нан боламыз!
Әскерге шақырылған бидай, шарасыз күйде арпа мен сұлыға келіп:
- Мен жоқта менің орныма тірліктерге бас-көз болыңдар,- дейді. Арпа мен сұлы қуана жауап қатыпты:
- Алақай, нан боламыз, нан!
- Қайтейін енді, амал нешік!
- Алақай, енді бәліш боламыз, бәліш!
- Енді сендерден бәліш шыға мекен, бірақ амал қанша оған да көнуге тура келіп тұр.
- Алақай, енді торт боламыз!- дей бергенінде бидай шыдай алмай:
- Оу, оу, тым қатты кеттіңдер, сәл өздеріңді басыңдар!- деген екен.