Мақала - Ас атасы – нан (2)
Кез келген нәрсенің қадірі қолдан кеткенде, жоқ кезінде қатты білінеді. Оған ата-бабаларымыздың бастан кешірген сан түрлі ашаршылық, жұт, соғыс жылдары мысал бола алады.
Адамзат баласының негізгі азық көзі, құнарлы қорегіміз нан біз үшін үлкен ниғмет болып табылады. Сондықтан бұл ниғметтің қолдан кетпеуін, обал болмауына да мән беруіміз маңызды мәселе. Алайда елімізде де, жалпы дүние жүзінде ең көп ысырап етіліп жатқан азықтардың алдыңғы қатарында нан келуде. Біріккен ұлттар ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының мәлімдеуінше: «Жыл сайын дүние жүзінде 1,3 миллиард тонна азық-түлік ырырап етілуде. Мұндай мөлшердегі азықтармен Африкадағы 842 миллион аш адамның қажеттілігі қамтамасыз етуге болады.» Мысалыға осы нан ысырапының алдын алу мақсатында Түркия мемлекеті зерттеулер жүргізіп бір жылда 2,17 миллард нан ысырапы орын алып жатқандығын анықтаған екен. Мұның алдын алу үшін «Нан ысырапының алдын алу жобасы» барысында көптеген қоғамдық, әлеуметтік іс-шараларын өткізіпті.
"Ислам ахлақы" кітабындағы хадис шәрифте: «Нан ұсақтарын қор етіп, басып жүру кедейлікке себеп болады» және Құран кәрімде «Берген ниғметтеріме шүкір етсеңдер – арттырамын, шүкір етпесеңдер, қолдарыңнан алып, ауыр азап беремін» делінген. (Ибраһим сүресі 7-ші аят). Нанды ысырап ету, обал қылу – шүкірсіздік болатындықтан және кедейлікке себеп болатындықтан да ата-бабамыз нанды қастерлеуді жіті ұстанған. Нан тапшылығын көрмеген кейінгі ұрпақ, мұны өздігінен түсіне бермеуі мүмкін. Сол себепті ниғметінің қадірін біліп, қастерлеуді әркім өз үйінен, бала-шағасынан бастауы тиіс. Осылай әр отбасыда жаңғырған тәрбие қоғамның да осы жақсы әдет-ғұрыпын ұмытпауына себеп болады.