Untitled Document

Сұхбат - Иман және дінде берік болу

Күпірге түспеу үшін таңертең және кешке оқылатын дұға:

«Аллаһуммә инни ә'узу бикә мин ән-ушрикә бикә шәй-ән уә әнә ә'ләму уә әстағфирукә лимә лә ә'ләму иннәкә әнтә ъалламулғуйуб»

Дінде берік болу үшін және соңғы демде иманмен өлу үшін мына дұғаны әр уақытта оқып жүру керек:
«Аллаһүммә йа муқаллибәл қулуб, сәббит қалби ъала диник» Мағынасы: (Ей ұлы Аллаһым! Көңілдерді жақсыдан жаманға, жаманнан жақсыға айналдыратын жалғыз сенсің. Көңілімді дініңе берік қыл, яғни дініңнен айырма!)

Хадис шәрифте былай делінеді:

«Дүние және ахирет бақытын қалайтын адам "Аллаһүммә Раббәнә әтина фиддуня хасәнәтән уә фил ахирати хасәнәтән уә қина азабәннар. Бирахматикә йа әрхамаррахимин" дұғасын оқысын.»

Еркек, әйел әрбір мұсылманның әр сөзінде, әр ісінде Аллаһу та'аланың әмірлеріне, яғни парыздарына және тыйым салғандарына, яғни харамдарға мән беруі керек. Парыздың орындалуына, харамнан қашуға мән бермейтін адамның иманы кетеді. Имансыз адам қабірде азап шегеді, ал ахиретте мәңгі жаһаннамда жанады. Ондайлардың кешірілу, жаһаннамнан шығу мүмкіндігі, ықтималдығы жоқ.

Күпірге түсу өте оңай. Әр сөзде, әр істе күпірге түсу мүмкін. Күпірден құтылу да өте оңай. Күпірдің себебін білмесе де күнде бір рет «Йа Раббым, біліп немесе білмей күпірге себеп болатын бір сөз айтқан болсам немесе күпірге себеп болатын бір іс істеген болсам оған өкіндім, тәубе еттім. Мені кешіре гөр» деп тәубе етсе, Аллаһу та'алаға жалбарынса міндетті түрде кешіріледі. Жаһаннамға түсуден құтылады. Жаһаннамда шексіз жанбау үшін күнде міндетті түрде тәубе ету керек. Бұл тәубеден асқан маңызды міндет жоқ. Құл ақысы араласқан күнәларға тәубе еткенде бұл ақыларды иелеріне қайтару керек және тәрк етілген намаздар үшін тәубе еткенде бұлардың қазасын оқу керек.

(С. Әбәдийа)