Сұхбат - Дұрыс ақида (сенім) өте маңызды
Жүрек ауруларынан ең қауіптісі – бидғат, яғни қате, бұзық сенім. Сезім мүшелерімен сезілмейтін, есеппен шығара алмайтын мәселелерде ақылды қолдану, осындай ауруларға апарады.
Адам өз ақылымен мұндай нәзік мәселелрді табуы мүмкін емес. Әркім өз ақылымен бұрмалауға тырысатын болса, жер жүзінде адамның санындай көп қате, дұрыс емес жолдар пайда болады. Дүние істерінің өзінде де адамдар әр түрлі ойлайды. Дүние істерінің өзінде шатасатын ақылдың, миымыз жетпейтін ахирет білімдерінде дұрысын таба алуы мүмкін бе?
Мұндай жағдайда әр бір мұсылманның жасауы керек болған нәрсе, өз ақылын қолданбай, шынайы ислам ғалымдарының білдіргендеріне мойынсұну. Ең дұрысы осы. Сүйікті пайғамбарымыздың және сахабаларының сенімдерін қағазға түсіріп, бізге жеткізген, жалғыз әһли сүннет ғалымдары. «Мен әһли сүннет сеніміндемін» деп айту, «Олар қалай сенген болса, мен де солар сияқты сендім» деген сөз.
Дұрыс сенім өте маңызды. Өйткені жасалған бүкіл ғибадаттар осыған байланысты. Сенімі дұрыс болмаған адамның жасаған бүкіл ғибадаттары қабыл болмайды. Жасаған ғибадаттар оны жаһаннам отынан құтқара алмайды. Демек алдымен дұрыс сенім иесі болу қажет. Жетпіс үш ағымның ішіндегі жалғыз аман қалғаны, әһли сүннет сеніміне ие болғандар. Қалған жетпіс екісі адасқан ағым. Аллаһу та'ала Мұсылмандардың сүйікті пайғамбарымыз және сахабаларының сенгені сияқты иман етулерін қалауда.
Сүйікті пайғамбарымыз қайтыс болған соң, адамдар діндерін сахабаи кирамнан үйрені. Сахабалар сол иманды, өздері ештеңе қоспай расулуллаһ (саллаллаһу алайһи уә сәлләмнан) үйренгендерін сол күйінде өздерінен кейінгілерге нақыл етті. Мазһаб имамдарымыз, Сілсіләи алийа ұлыларымыз және ұлы ғалымдарымыз бұл таза иманды кітап халіне келтіріп, бізге жеткізді. Бұл ислам ғалымдарына қанша дұға етсек те аздық етеді. Олардың кітаптарын көп оқып, солардың көрсеткен жолында жүруге тырысуымыз керек.