Untitled Document

Үй үшін - Үйдегі сапалы су

Мамандар кішкентай тау тастарымен жұмсақ және дәмді суға қол жеткізудің жолын тапты. Топырақтан шыққан су дәмді болмайды, ал тастардан ағатын, әсіресе кристал және кварцтардың ішінен ағатын сулар дәмді болады. Өйткені тастардағы минералдар сумен араласады. Су құйылған ыдыстың ішіне тау тастарын, кварц, аметист, көл және өзен жағаларындағы кристалдарды жақсылап жуып салу керек. Мұндай тәсілді бұрындары аталарымыз да қолданған көрінеді. Бұрынғы аталарымыз жасаған бұл тәжірибе, данышпан бабаларымыздың бізге қалдырған білім қазыналарының бірегей үлгісі болып табылады.

Бұл тастарды фильтрленген суға да салсаңыз, судың дәмінің керемет болатынын көресіз. Тастар суға салынған соң 1, 2 сағаттардан кейін өз әсерлерін көрсетеді. Тастар арқылы жан біткен су, балдай тәтті және жұмсақ болады. Көп қаражатты талап етпейтін бұл тастарды өмір бойы қолдануға болады. Су ұзақ тұрып қалған жағдайда мүк басуы мүмкін. Сондай-ақ бұл тастарды анда санда жуып тұру қажет.

Күннің тарихы - ІІ-ші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы

Адамзат тарихындағы соғыстардың ең қандысы – екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы 1 қыркүйекте басталып, 1945 жылы 8 мамырда аяқталды. 38 миллионға жуық адам қайтыс болған бұл соғыста немістер жеңілді. Бірақ, аз уақыт ішінде күшті мемлекетке айналды.

Жеңген болып көрінгенмен, негізінде жеңілген ағылшындар еді. Империялары кішірейіп, барлық отарларынан біртіндеп айрылды. Қазіргі кезде экономикасы күн санап әлсіреуде. Халқының арасында жаман жолға түсушілік пен келеңсіздік кеңінен таралған.