Ғибрат - Махмұд Ғазнауи және Аяз (2)
Арадан біраз уақыт өтіп, әбден тыныққанмен, орнынан тұрғысы келмейді. Қасындағы бектер мен қызметкерлер сұлтанның бұйрығын күтіп отырады. Содан тағы сәлден соң, суға кеткен әкесі есегінің үстіне жеккен екі торсық суымен келеді. Кедей үйшігіне сұлтанның келгенін көргенінде құрметін білдіріп иіліп сәлем береді. Шамалы отырып хал сұрасқан соң, сұлтан отағасына қарап: «Балаң өте ақылды екен, рұқсат берсең оны қасыма алсам деп едім» дейді. Әкесі: «Бұл мен үшін де, біздің әулет үшін де үлкен мәртебе болар еді» дейді...
Кей жерлерде Сұлтан Махмұдтың уәзірі ретінде, ал кей жерлерде ең жақсы көретін қызметшісі және жан досы ретінде көрсетілетін Аяз бен сұлтан Махмұдтың танысуы осылай жүзеге асқан екен. Аяз өмірінің соңына дейін адал болғандықтан сұлтанның жанынан қалмайтын болды. Ақыл-парасатымен танылғаны соншалық, үнемі сұлтан Махмұдпен бірге аты аталатын болады. Шынында да Сұлтан Махмұдпен байланысты оқиғалардың көбінде оның да аты өтеді. Ислам әдебиетінде Аяз деген есім, үлгі боларлық тұлға, ақылды адамның символы ретінде қалды. Сондай-ақ бұл түркі-ислам әлеміндегі лайықтылық, жоғары қабілеттің маңыздылығын көрсетіп тұрғандай. Көшпенді кедей шаруаның баласы болғанымен қабілетінің, ақыл-парасатының арқасында мемлекеттің ең жоғары мақамдарына дейін көтеріле алды.
Денсаулық - Жаңғақтар
Жаңғақ, бадам, орман жаңғағы, жер жаңғақ, фисташка сияқты майлы дәндердің құрамындағы мырыш минералы мен бірге «бақыттылық гормоны» ретінде танымал серотониннің бөлінуіне көмекші болады. Құрамындағы өзге де дәрумендері арқылы жүйке жүйесіне болымды әсер етеді. Ғалымдардың айтуынша стреске қарсы күніне 2 дана жаңғақ немесе шамамен 10 дана өзге жаңғақтардан жеу өте пайдалы.