Untitled Document

Әлем - Тойымсыз нәпсі, тұрақсыз дүние

Өлімнің хақ екенін көрсең де,
Өлместей омыраулап, шатасың.
Тозақтың барын біліп жүрсең де,
Күнәға, әлің келсе, батасың.



Сауап көп ғибадатта десең де,
Жалығып, жалқауланып жатасың.
Адалдың адал ризқын жесең де,
Арамды әдейі іздеп татасың.

Сыртыңды сыланасың өң беріп,
Ішіңнің түзетпейсің хатасын.
Айла мен алдағанды жөн көріп,
Адамды аң орнына атасың.

Жалғанның бір пайдасын көргенде,
Арланбай арыңды да сатасың.
Аллаһтың ақ өлімі келгенде,
Амалсыз қара тастай қатасың.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Зекертік жұмбағы - Нәски

Бір дорбада 50 ақ, 40 сары, 30 қызыл, 20 көк, 10 қара, 5 жасыл нәски бар. Дорбаның ішіне қарамай, әр қол салғанда бір дана нәски алуға болады. Бірдей түстегі бір жұп нәскиді шығару үшін дорбаға ең көп қанша рет қол салу керек?

(Жауабы ертең...)