Тарих - Алғашқы адамдарды дұрыс танымаймыз
Алғашқы адамдар ислам дініне сенбейтіндердің ойдан шығарған киноларынан көретініміз секілді ілімсіз, мәдениетсіз, жалаңаш, жабайы адамдар емес еді. Иә бүгін Азия, Африка шөлдерінде және Американың ормандарында жабайы адамдардың өмір сүргені секілді, алғашқы дәуірде де ілімсіз, мәдениетсіз өмір сүргендер болды. Бірақ бұл қазіргі адамдар үшін де, алғашқы адамдар үшін де бәрі жабайы еді деп айтуға негіз бола алмайды.
Адам алейһиссалам және оған иман келтіргендер қалаларда тұратын еді. Оқу, жазуды білетін еді. Темір шеберханалары, жіп иіру, мата тоқу, диқаншылық, нан жабу секілді қолөнерлері болған.
Аллаһу та’ала Адам алейһиссаламға 10 сухуф (кітапша) жіберді. Бұл сухуфтарда иман келтіретін нәрселер, әр түрлі тілдегі сөздіктер, әр күні бір уақыт намаз оқу, ғұсыл алу, ораза тұту, өлексе, қан, доңыз етін жемеу, бірнеше өнер түрлері, медицина, дәрілер, есеп, геометрия секілді пайдалы нәрселер білдірілген еді. Адам алейһиссаламның дәуірінде алтын ақшалар жасалып, кен орындары болып, әр түрлі құрал-жабдықтар жасалған. Нұх алейһиссаламның кемесінің от жағып, қазанды қайнату (пар) арқылы жүргені Құран кәрімде білдірілген.
Кейбір тарихшылар ешқандай дәлелсіз, зерттеулерге жүгінбестен “алғашқы адамдар жабайы болған, ешнәрсе білмеген” деп мұсылман жастарын дінсіз, имансыз етіп жетілдіруді көздейді. Ешқандай дінге сенбейтін кейбір адамдар да өздерін ғалым ретінде танытып бұзық пікірлерін, жаман пиғылдарын “ғылым” пердесіне орап жан-жаққа таратуда. Мәселен “бүкіл жандылардың негізі болған жасуша миллиондаған жыл бұрын теңіздерде кездейсоқ, өздігінен пайда болып, уақыт өтуімен теңіз жәндіктеріне кейін жануарларына айналып, одан кейін құрлық жандылары пайда болып, ең соңында адамға айналғандығы” секілді нәрселер айтылуда.