Untitled Document

Сұхбат - Әсма-и Хүснә (2)

• Жолға шыққанда амандықта болу үшін: Әл-Халим есімін оқыған адам теңізде болса тұншығудан, көлікте болса апатқа ұшыраудан құтылады.
• Шипа табу үшін: Ауырған адам Әл-Хаййу есімін бір ыдысқа жазып оған су құйып үш күн ішсе Аллаһу та'аланың рұқсатымен шипа табады.
• Қиыншылықтардан құтылу үшін: Әл-Қабид есімін айтқан адам қиыншылықтардан құтылады.
• Бәледен қорғану үшін: Әл-Мани есімін айтқан адам өзіне келетін бәледен қорғанған болады.
• Ренішті кетіру үшін: Күнде түскі уақытта Әл-Мәлик есімін 100 рет айтқан адамның реніші кетеді.
• Оңай тәубе ету үшін: Әл-Муаххир есімін айтқанның тәубе етуі оңай болады.
• Халі түзелуі үшін: Әл-Мутә'ал есімін айтқан адамның халі түзеледі, дәрежесі көтеріледі.
• Қайырлы ризық үшін: Әл-Мутакаббир есімін айтып жүрген адам қайырлы, берекелі ризықтарға қауышады.
• Ғафлеттен құтылу үшін: Кімде-кім намаздан кейін 100 рет Әр-Рахман есімін айтса Аллаһу та'ала оның көңілінен ғафлетті шығарады.
• Бәлелерден құтылу үшін: Күн шыққаннан кейін 100 рет Әс-Сабур есімін айтқан адам бәлелерден құтылады.
• Шипа табу үшін: Ажалы келмеген ауруға қиыншылығы және ауруы үшін 121 рет Әс-Салам есімі оқылса, Аллаһтың рұқсатымен ол адам шипа табады.
• Мұратқа қауышу үшін: Духа намазынан кейін 500 рет Әс-Сәми есімін оқыған адамның дұғасы қабыл болады және Аллаһу та'аланың рұқсатымен мұратына қауышады.
• Ерлі-зайыптылардың махаббаты үшін: Әл-Уәдуд есімін айтқан ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген махаббаты артады.