Untitled Document

Сұхбат - Әсма-и Хүснә (1)

Юсуф Набхани хазреттері Әсма-и Хүснәні айтудың пайдаларын былай деп білдірген:

• Аурудың шипа табуы үшін: Жұма күні намаздан бұрын дәретті күйде 200 рет, "Иа Аллаһу Әл-махмуду фи фиалиһи" десе Аллаһу та'ала оның ауруына шипа береді.
• Қайғы-қасіреттен құтылу үшін: Әл-Азыйм есімін айтқан адам қайғы-қасіреттен құтылады.
• Мұқтаж болмау үшін: Бір адам 40 күн, күніне 40 реттен Әл-Азиз есімін айтса Аллаһу та'ала оған көмектеседі және оны үстем етеді. Махлұқтардан ешбіріне мұқтаж қалмайды.
• Зияннан құтылу үшін: Әл-Бақи есімін 1000 рет айтқан адам зияннан және қасіреттен қорғанған болады.
• Бәлелерден құтылу үшін: 7 күн арасын үзбей 100 рет Әл-Бари есімін айтқан адам бәлелерден амандықта болады.
• Мол Ризық үшін: Бір адам қолдарын ашып Әл-Басит есімін айтса күн көрісі кеңейеді, мол ризыққа қауышады.
• Апаттардан құтылу үшін: Әл-Бәди есімін 70000 рет айтқан адам өзіне келетін апаттардан, қиыншылықтардан құтылады.
• Кешірімге қауышу үшін: Жұма намазынан кейін 100 рет Әл-Ғаффар есімін айтқан адам Аллаһу та'аланың кешіріміне қауышады.
• Өлімнің оңай (жеңіл) болуы үшін: Әл-Ғафур есімін айтқан адамның соңғы демінде тәухид калимасын айтуы және өлімі оңай болады.
• Бәлелерден қорғану үшін: Ауру немесе бір қиыншылық келгенде Әл-Ғанийу есімін оқығанда Аллаһу та'ала амандық береді және бәледен қорғайды.

(жалғасы ертең)