Ғылым және техника - Энциклопедиялық мәліметтер
Адам денесі жүгірген кезде отырған кездегіден 7 есе артық энергия жұмсайды.
• Айдың бетінде елу мыңға жуық кратер (ойық) бар.
• Піл тұмсығымен 6 литрге жуық су ала алады.
• Акуланың тістері көлікті бөлшектеп тастайтындай күшке ие.
• Бүркіттер олжасын 3000 метр қашықтықтан көре алады.
• Керік жүрегінің салмағы 11,5 келіден ауыр.
• Күн бетінің температурасы 6000 келвин дәреже. Осындай температурадағы тігін инесі адамды 150 километр қашықтықтан өлтіре алады.
• АҚШтағы Ниагара сарқырамасында секундына 63 миллион литр су ағады.
• Жарықтың жылдамдығы жерді бір секундта 8 рет айналады.
• Император пингвиндері 44 градус суықтыққа шыдай алады.
• Адамның құлағы төрт жүз мың түрлі дауысты ажырата алады.
• Ең соңынан анықталған Плутон планетасы 1930 жылы табылған.
Күлімдейік - Жарақат
Америкада көше бойлап келе жатқан екі әскердің біреуі байқаусызда темірге соқтығып, қолы қанайды. Жақын маңда аурухана барын көріп, «мына жерге кіріп, қаралайын» деп ұйғарады. Ішке кіргенінде алдынан екі есік шығады. Біреуінде «аурулар», екіншісінде «жарақаттар» деп жазулы еді. Жарақаттар есігіне кіргенінде алдынан тағы екі есік шығады. Біреуінде «ет», екіншісінде «сүйек» деп жазулы еді. Ет деп жазылған есікке кіреді. Тағы екі есік. Біреуінді «күрделі», екіншісінде «әлсін» деп жазулы. Әлсін деп жазылған есікті ашқанында, өзінің далаға шыққанын байқады. Досы қасына жүгіріп келіп: «Не болды, қарап берді ма?» дейді. Сонда әскер: «Жоқ, бірақ мықты ұйымдасқан мекеме екен» деп жауап беріпті.