Untitled Document

Мақала - Кітап және балаларымыз

Баланы жас кезінен бастап кітапқа баулу керек. Бала кітапты ашады, парақтайды, суреттеріне қарайды. Кітаптағы суреттер баланың санасын ашатын, қиялын қанаттандыратын, түсіну қабілетін арттыратын ірі, қарапайым және түрлі-түсті болуы қажет. Бала кітаптан жалғыз кезінде де, қасында адам бар кезде де пайдалана алады, өзіне қажет мәліметтер алады. Ол өмірінде еш кездеспеген жап-жаңа нәрселермен кездеседі. Кітап – қазына. Білімнің қайнар бұлағы. Баланың әріптерді көріп тануына, есте сақтау қабілетін, ой-өрісін дамытуына себепкер ұстаз. Мектеп жасына дейінгі балаларға үлкен оңай парақталатын кітаптар беру керек. Әлі оқу, жазуды білмейтін балалар кітаптағы ертегілерді суреттерімен көруі керек. Оларға кітапты ақырын, мағыналы түрде оқу керек. Осылайша балаңыз бен кітап арасында достық құра аласыз.

Хикмет - Тіл

Дауд алейхиссалам хазреті Лұқманға: «Бір қойды сойып, денесіндегі ең жақсы екі ет бөлшегін алып кел!»-дейді. Хазреті Лұқман тілі мен жүрегін алып келеді. Кейін Дауд алейхиссалам: «Енді ең жаман екі бөлшегін алып кел»-дейді. Хазреті Лұқман тағы да тілі мен жүрегін алып келеді. Дауд алейхиссалам бұның себебін сұрағанында: «Тіл мен жүрек жақсы болса, бүкіл дене жақсы болады. Егер бұл екі бөлшек жаман болса, дене жамандардың ең жаманы болады»-деп, адамның жақсылығы мен жамандығы тілі мен жүрегіне (көңіліне) байланысты екендігіне ишара еткен.