Әлем - Германияда Ислам
4,5 миллион мұсылман өмір сүретін Германия, қазіргі таңда ислам дінінің Еуропадағы ең жылдам түрде таралып жатқан мемлекет болып табылады. Германияның 178 мың азаматы ислам дінін қабылдаған.
3 миллион 300 мың түрік өмір сүретін Германия мемлекетінде түрік халқы мен мұсылмандыққа тең құқықта қаралады. Германияда қазіргі таңда 1460 мешіт және ислам орталығы бар. Құран курстарымен қатар ислам дінін үйрететін кітаптар шығаратын баспаханалар, медреселер сияқты ұйымдар құрылған. Мәдениет істері де қарқынды түрде атқарылуда, семинарлар, жиналыстар ұйымдастырылуда. Германияда исламның қарқынды түрде таралуына ондағы өмір сүріп жатқан түріктердің септігі мол көрінеді. Әсіресе түріктердің өмір сүру салтына таң қалған көптеген немістер ислам дінін зерттей бастапты. Жақында мұсылмандықты қабылдаған неміс Фарина Стокамп солардың бірі. «Христиан дінінде поп, адамдар мен Аллаһтың арасында делдал сияқты еді. Мен де күнә істейтін едім. Бірақ маған бұл ұнамайтын. Попқа барып, күнә істегеніңізді айтасыз, ал ол сізді күнәдан тазалайды. Жас кезімде «Оларға бұл құқықты кім береді?» деп ойлайтын едім. Өйткені олар да адам.» дейді. Тюбинген университетінің теология бөлімінде оқыған Стокамп: «Исламда отбасыға қаншалықты жоғары мән берілетінін университеттегі мұсылман түрік досымның арқасында түсіндім» деді.
Күлімдейік - Оңай оқу
Көзілдірік тағу арқылы оқу оңай болады деп естіген бір кісі көзілдірік сататын жерге келеді. Сатушысының берген әр көзілдірікті тағып көріп: «Жоқ...», «Бұл да болмады...» деп, алдындағы газетке қарап басын шайқап тұрады. Шаршап шыдамы таусылған сатушы: «Сіз өзі әріп танитын бедіңіз, оқи аласыз ба?» дейді. Сонда әлгі кісі сатушыға таңдана қарап: «Оқи алатын болсам көзілдірікті қайтем» деген екен.