Практикалық мәліметтер - Үй үшін
• Тоңазытқыштағы ылғалды кетіру үшін ішіне тұз салынған ыдыс қою керек.
• Болаттан жасалған қазанды жуғаннан кейін дереу құрғату керек.
• Жарылған қолдар жатардан бұрын 10 минут жылы суға салынады. Сосын крем жағып, қолғап киіп жатады.
• Ақ киімдер, ақ төсеніштер қайнататын суға бірнеше жұмыртқаның қабығын салса қардай аппақ болады.
• Ыс дақтарын кетіру үшін дақтың үстіне лимонды сығып, тұз сеуіп, уқалап жуады.
• Суреттердің қабырғаға із қалдырмауы үшін екеуінің арасына жұқа мата қойылады.
• Миксерді тазалау үшін ыдыс жартысына дейін ұнтақты суға толтырылып, 5-10 секунд іске қосылады. Суын төгіп, тазалап кептіреді.
• Пеш темірінің астына алюминді фольга салынса, төгілген нәрселер оңай тазаланады.
• Бақыр заттарды тазалау үшін лимон және тұзбен ысқыланады. Күл де бұл заттарды жылтыратады.
• Әйнектерді тазалау үшін сіркелі сумен сүртіледі. Дақ қалса судың ішіне біраз аммиак салынады.
• Пісірілетін көкөністердің түсін жоғалтпау үшін алдымен мұзды суға салынады.
• Үтіктің астын тазалау үшін аздап сірке суына батырылған мақтамен ысқылау керек.
• Киім үтіктеуді оңай қылу үшін және үтіктеу уақытын қысқарту үшін, киім үтіктеу тақтайшасының қабының астына алюминьді фольга қойылады.
• Кілемдегі күйік іздерін кетіру үшін құрғақтай егеуқұм (наждак) қағазымен ысқылап, артынша жуып алуға болады.
• Қабырғаға шеге қағылатын орынға айқастырып скоч жабыстырылатын болса, сылақтың жарылуының алдын алады.