Untitled Document

Күннің уақыттары - І

Сәһәр (таң сәрі) уақыты: Күн батқаннан бастап, имсак уақытына (таң атқанға) дейінгі уақыттың соңғы алтыдан бірі «сәһәр уақыты» деп аталады. Бұл уақытта оқылған намаз «таһажжуд намазы» деп аталады. Сәһәр уақытында ғибадат жасап, тәубе-истиғфар етіп, дұға ету керек. Бұл уақытта жасалған барлық дұғалар қабыл болады.

Имсак уақыты: Шығыс көкжиекте фажри садық деген таң атудың алғашқы белгісі пайда болуымен басталатын уақыт «имсак уақыты» деп аталады. Бұл уақытта Рамазан айында ауыз бекітеді. Одан 15 минут өткен соң таң намазының уақыты кіреді.

Ишрақ (сәске) уақыты: Күннің көкжиек сызығынан 5 градус көтерілуімен басталатын уақыт «ишрақ уақыты» деп аталады. Бұл уақыт күн шыққаннан кейін шамамен 50-55 минут өткен соң кіреді. Бұл уақыт «дахуа-и суғра» деп те аталады. Күн шыға бастағаннан ишрақ уақытына дейін намаз оқу харамға жақын мәкрүх болып саналады.

Ишрақ уақытында оқылатын нәпіл намаз «ишрақ намазы» деп аталады. Ишрақ намазын оқудың пайдасы көп. Ораза айты мен құрбан айтының бірінші күндерінде екі рекат айт намазы дәл осы уақытта оқылады және бұл еркектерге уәжіп болады.

Духа уақыты: Бір күндік ораза мерзімінің төрттен бірінен кейін басталатын уақыт. Бұл уақытта оқылатын нәпіл намазы «Духа намазы» деп аталады. Бұл намаз аз дегенде 2 рекат оқылады. Бірақ, қаза намазы бар адам нәпіл намазын оқи алмайды.

(жалғасы ертең)