| Не бар екен анадан қымбат маған, |
| Тал бесікке бөлеген, құндақтаған. |
| Көз алдымнан ұзасаң сымбатты анам, |
Сағынғаннан бір сені күн батпаған.
|
| Жүрегіңнің жылуын шашқанда ана, |
| Оранады шуаққа аспан-дала. |
| Қасиетін ананың түсінеді, |
Адамшылық жолымен басқан ғана.
|
| Ойлап кетсем отырып анашымды, |
| Бұтақ жайған бәйтерек пана сынды. |
| Жинаған соң бойыма бар асылды, |
Өтіп жатыр өмірім жарасымды.
|
| Қалсам мен бүгін де егде тартып, |
| Еркелікті мойныңа келем артып. |
| Бас ауырып, балтырым сыздай қалса, |
Жан таппадым жанашыр сенен артық.
|
| Бүкіл тірлік аспанда күнім ғашық, |
| Ана жайлы ақтардым сырымды ашып. |
| Мерекесін аналар арқау етіп, |
Кетті бүгін кеудемнен жырым тасып.
|
| Жалау болып ананың ақылы ізгі, |
| Құлшындырып еңбекке жатыр бізді. |
| Өнерлі өрен өсірген елге лайық, |
Әлия мен Мәншүктей батыр қызды.
|
| Құлпырғанда кең далам шуағымен, |
| Қуанышпен көңілді жуа білген. |
| Құттықтаймын аналар мерекеңмен, |
| Нұрландырған өмірді қуатыңмен. |
| Несібелі Иманқызы |