Untitled Document

Сұхбат - Ең құнды ғибадат

Сұрақ: Ғибадаттардың ішінде ең құндысы қандай?

Жауап: Ғибадаттардың ішіндегі ең құндысы – намаз. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Намаз – Аллаһу та'аланың разы болған барлық амалдарының ішіндегі ең құндысы. Ризықтың берекесі. Дұғаның қабыл болуына себепші. Қабірде жарық. Сират көпірінен найзағайдай өткізуші. Жаннатта басыңа тәж. Иманның басы, көздің нұры және жаһаннамнан құтқарушы.» (Мифтах-ул-Жәннә)
«Жаннаттың кілті – намаз.» (Дарими)
«Ең құнды амал – уақытында оқылған намаз.» (Әбу Дауд)
«Тұр, намаз оқы! Намаз әлбетте шипа.» (И. Ахмед, И. Мажә)
«Намаздың парыз екендігін біліп, кемшіліксіз дұрыс оқыған адам жаннатқа кіреді.» (Хаким)
«Үмбетім бұзылған кезінде сүннетіме жабысқан (яғни әһли сүннет болған) және бес уақыт намазды жамағатпен оқыған адамның амал дәптеріне күн сайын жүз шәһидтің сауабы жазылады.» (И. Насируддин)
«Намаздың діндегі орны – бастың денедегі орны секілді.» (Табарани)
«Қияметте құлдан ең бірінші сұралатын ғибадат – намаз. Намазы дұрыс болса, қалған амалдары да қабыл болады. Намазы дұрыс болмаса, ешбір амалы қабыл болмайды.» (Табарани)
«Намазын дұрыс оқыған адамның ағаштан жапырақтары төгілгендей күнәлары төгіледі.» (И. Ахмед)
«Аллаһу та'ала былай деген: "Намазын уақытында, дұрыс оқыған адамға азап бермеймін, ол адамды сұрақ-жауапқа тартпастан жаннатқа кіргіземін".» (Хаким)