Untitled Document

Әдеп-ахлақ - Телефонмен сөйлесу әдебі

• Телефон шалған адам алдымен өзін таныстыруы, кім екенін айтуы керек, содан кейін кімді іздегенін айтуы керек.
• Телефон шалған адам тұтқаны бірінші қоюы керек.
• Телефон қысқа әрі нұсқа сөйлесулерге арналғандықтан ұзақ уақыт әңгімелесу жақсы емес.
• Үйге беймезгіл уақытта (өте ерте немесе өте кеш) телефон шалуға болмайды.
• Жұмыс орнына телефон шалғанда қысқа әрі нұсқа сөйлесу керек, жеке шаруаларға тоқталып ұзақ әңгімелеспеу керек.
• Бір жерге телефон шалып, оғаш дауыстар шығарып: «Тапшы ал, мен кіммін?» деген сияқты сұрақтар қоймау керек.
• Ізделген адам орнында болмаса, тұтқаны көтерген адамға есім және телефон номерді қалдыру керек. Біреу сізді іздеген болса, ертерек сол кісіге хабарласу керек.
• Өте қатты, жоғары дауыспен сөйлесу әдепсіздік болып саналады.

Құбыла бағыты қалай табылады?

Күнтізбемізде әр қала үшін берілген «Құбыла сағаты» қатарындағы уақыттарда күнге қарап тұрған кісі құбыла бағытына қараған болады. Өйткені күн бір тәулікте бір рет Құбыланың үстіне сәйкес келеді.
Кейбір қалалардың құбыла сағаты орнына (-) сызықша қойылған. Бұл сол қалаларда күннің Құбыла бағыты үстінен өтуі күн батқаннан кейін жүзеге асатынын және күндіз күнге қарап қыбла бағытын анықтау мүмкін еместігін аңғартады.