Әлем - Кейбір шындықтар
Гиннес рекордтар кітабындағы деректер бойынша:
• Жапон әйелдерінің орташа жас көрсеткіші 84 жыл, ал Ботсваналық әйелдердікі 39 жыл.
• Ағылшындардың 15 жастағылардың жартысы есірткі заттар қолданады, ал төрттен бір бөлігі темекі шегеді.
• Семіздік ауруына шалдыққан адамдардың үштен бір бөлігі дамыған елдерде өмір сүреді.
• Ерте жаста жүкті болу, дамыған елдер арасында ең көп АҚШ пен Англияда орын алады.
• Қытайда 44 миллион әйел жоғалған.
• 2002 жылы өлім жазасының 81 пайызы АҚШ, Қытай және Иранда орын алды.
• Англиядағы супермаркеттер клиенттері туралы үкіметтен артық ақпаратқа ие.
• Әлемдегі халықтардың бестен бір бөлігі күніне 1 доллардан төмен табыспен өмір сүреді.
• АҚШ-та жылына 13,2 миллион адам пластикалық операция жасатады.
• Үндістанда 44 миллион бала жұмыс істейді.
• Бүкіл әлемде көлік апатынан қаза табатындар минутына 2 адамнан келеді.
• Әлемдегі есрткі заттардың сауда айналымы 400 миллиардты құрайды.
• АҚШ-тықтардың үштен бірі жатпланеталықтардың келгеніне сенеді.
• 150-ден астам елде зорлық-зомбылық жалғасуда.
• Әр күні әлемде 800 миллион адам аш қалуда.
• Әлемнің үште бірінде соғыс болуда.
• Мұнай қорлары 2040 жылдары таусылуы мүмкін.
• Темекі шегетіндердің 82 пайызы дамыған елдерде өмір сүреді.
• Соғыстардың төрттен бірі табиғи қорларға қол жеткізу үшін жасалуда.
• Африкада 30 миллион адам ЖИТС (СПИД) ауруына шалдыққан.
• Өз-өзіне қол жұмсағандардың саны, соғыстарда өлгендердің санынан көп.
• Әр жылы 120 мың әйел немесе қыз батыс еуропаға сатылады.
• Ресейде жылына он екі мыңнан астам әйел отбасы ішіндегі жәбірден көз жұмады.