Сұхбат - Қиындықта сабыр ету (2)
Иман ниғметімен мәртебеленгендер дүниеде бірнеше күн дерт, бәле тартпағанда жаннат ләззаттарының қадірін түсіне алмас еді және мәңгілік ниғметтердің қадірін білмес еді. Аштық шекпеген адам тамақтың ләззатын түсіне алмайды. Қиналмаған адам да рахаттықтың қадірін біле алмайды.
Қиыншылық болмаса адамдар азғыра бастайды, құтыра бастайды. Қиыншылық келсе ең болмағанда «Йа Аллаһ құтқара гөр» деп дұға етіп, жалбарына бастайды. Хазреті Сәйфәддини Фаруқи: «Егер Аллаһу та'ала құлдарына ешқандай дерт, қиыншылық бермегенде немесе өте аз бергенде адамдар оған ғибадат етуден және Оны зікір етуден ғапыл болар еді... Жақсылап ойланылатын болса, дерт пен қиыншылықтар негізінде ниғмет екендігі, Аллаһу та'алаға жақындататын себеп екендіктері аңғарылады» деген.
Аллаһу та'ала мейірім еткен құлдарына дерт, қиыншылық жіберу арқылы ғафлеттен ояндырады. Өйткені адамның денсаулығы үнемі жақсы болуы Аллаһу та'аланы ұмытуға, Оған қарсы шығуға, харам істеуге себеп болуда. Сондықтан хадис шәрифте: «Мұсылмандарда мына үш нәрсенің бірі болады: Қиллет яғни кедейшілік, иллет яғни ауру, зиллет яғни абыройсыздық» деп білдірген.
Мұса алейһиссаламның заманында өмір сүрген Перғауын адамдардың өзіне табынуын қалауына 400 жыл өмір сүруі және осы мерзім ішінде бірде-бір рет басының ауырмауы, ыстығының (температурасы) көтерілмеуі себепші болған. Бір рет басы ауырғанда мұндай әдепсіздік ойына да келмес еді. Сондықтан дін ұлылары: «Мұсылманға қырық күн ішінде міндетті түрде бір реніш, ауру, қорқыныш немесе мал-мүлкіне зиян келеді.» деген.