Сұхбат - Қиындықта сабыр ету (1)
Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Кімде мына үш нәрсе бар болса, дүние мен ахиреттің қайырына қауышты деген сөз: Тағдырға разылық, бәлеге сабыр, рахаттықта дұға.» (Дәйләми)
«Аллаһу та'ала сабыр еткен адамды жақсы көреді.» (Табарани)
Аллаһу та'аланың жіберген тағдырына, Аллаһу та'аладан келген барлық нәрсеге разы болу керек. Кез келген қиыншылықта, дерттерде сабыр ету керек. Сабыр ету - басқа түскен қиыншылықтарды, дерттерді әркімге айтып шағымданбау, жыланбау деген сөз. Бәле келгенде айқай-шу көтеру, (не жаздым деу), әркімге қиыншылығын айтып жылану арқылы Раббысынан шағымданған адам – ниғметтен махрұм қалады, азапқа лайық болады. Тартқан қиыншылықтарына сауап берілмейді. Бұл дерттердің Аллаһу та'алдан екендігін біліп, сабыр етіп Аллаһу та'алаға жалбарынғандарға сауап беріледі. Бәлеге сабыр – пайғамбарлардың қасиеті. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Аллаһтың жақсы көргендері бәлеге душар болады. Сабыр еткендері марапатқа, шағымданып, жыланғандар жазаға қауышады.» (И. Ахмед)
«Адамдарға дертін айтқан – сабыр еткен болмайды.» (И. Мауәрди)
«Басына келген бәлені жасырған адамның күнәсі кешіріледі.» (Табарани)
Шағымданбау ниетімен айту жаиз болса да жақсы емес. Қиыншылықты кетіре алатын адамға айту жаиз. Мысалы дәрігерге ауруын айту жаиз. Бірақ әркімге ауруын айтып жылана беру дұрыс емес.