Untitled Document

Әдеп-ахлақ - Жақсы мінез (1)

Жақсы мінез жан азығың әрдайым,
Жақсы болсаң жарқырайды маңдайың,
Жаман мінез індетіне тұтылсаң,
Оңа қоймас бұл жалғанда жағдайың.

Етсең егер тәкаппарлық, менмендік,
Жоқ қой сірә бұдан асқан төмендік.
Бидғат, рия, фитна-бүлік еткендік,
Барлығы да құрыдымға кеткендік.



Кісі жайлы жаман ойлап міндеме,
Хасед етіп ешкімді де күндеме,
Ғайбат өсек жайып күнә жиғанша,
Бос сөйлеме, тіліңді тый үндеме.



Байсалды бол дереу ашу шақырма,
Сөз таласып салғыласып сарқылма,
Демі қысқа екі күндік дүниеде,
Күнә істеп несібеңді тар қылма.


Қабақшытпай күлімдеп жүр күлімде,
Қиындықта сабыр сақта түңілме,
Мұсылмандық - жылы шырай жылы жүз,
Жылы сөзбен елжірейді көңіл де.