Untitled Document

Күннің тарихы - ІІ Абдулхамид ханның қайтыс болуы

Сұлтан ІІ Абдулхамид хан өте білімді, зерек кісі еді. Арапша, парысша, османлы әдебиеті және басқа да ислам ілімдерін жетік меңгереді. Тақуалығы мен діндарлығы басым болуынан халық арасында әулие ретінде танылды. 1876 жылы 31 тамызда Османлы тағына отырған Абдулхамидхан, ішкі және сыртқы дұшпандардың қарсылығына қарамастан 1909 жылдың 27 сәуіріне дейін 33 жылы бойы Османлы тағында билік етті. 1909 жылы 27 сәуірде тақтан түсіріліп, Балқан тонауына ашылған Йылдыз Сарайынан кетерінде: «Тұтыстығын сақтап Мемлекетті 10 жыл басқара алса, бір ғасыр басқардық деп қуансын» деген тарихи сөзді айтты. 1918 жылы 10 ақпанда Бейлербейі сарайында 75 жасында қайтыс болып, Сұлтан ІІ Махмуд кесенесіне жерленді.

Сұлтан ІІ Абдулхамид хан Палистинаға яһудилерді кіргізбегені үшін, яһудилерге жер сатылымының алдын алғаны үшін және Палистинаға Яхуди мемлекетін құру үшін келген делегацияны қуғандықтан тақтан түсірілді. Бұл мәртебелі сұлтан кей жерлерде «Қызыл сұлтан» (жауыз) ретінде қате танытылуда. Осылайша яһудилер 70 жылдан бері бұл патшадан өш алып келуде. Израиль 1948 жылы құрылғаннан бері қазірге дейін Палистинаға зұлымдық етіп келеді. Бұл бейкүнә адамдардың жерлерін және тәуелсіздігін тартып алып, палестиналықтарды 5 мың жылдық отандарынан қудалауда.

Османлы мемлекеті құлағаннан кейін жалғыз палестиналықтар ғана емес, бүкіл Таяу Шығыс, тіпті ислам әлемі жалғыз және жетім қалғандай болды. Османлы мемлекетінің құлауымен ислам елдері, әсіресе арап елдері отарланды. Кейініректе жас ұрпақтарды Ислам және түркілікке қарсы қойып, өздерін оларға тәуелсіздік алып бергендей етіп көрсетті. Бірақ өздері жетілдіріп шығарған кадрлармен ұлттық және рухани құндылықтарға дұшпан болған зиялылармен отаршылдықты жасырын күйде жалғастырды .