Untitled Document

Мәлімет - Абу Даби Плаза

Абу-Даби Плаза – Қазақстанның елордасы Астана қаласында салынып жатқан көп функционалды кешен. Ғимараттың құрылысы 2010 жылдың қараша айында басталып және 2016 жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Құрылыс біткеннен кейін «Абу-Даби Плаза» Қазақстанда және Орта Азияда ең биік ғимарат болады. Ал дүние жүзі бойынша 14-ші орындағы ғимарат болады деп күтілуде. Ғимараттың биіктігі - 320 метр және және қабаттар саны - 88. Кешеннің ішкі аумағы 280 000 шаршы метрді құрайды, ал «Абу-Даби Плаза-ның» жалпы аумағы 510 мың шаршы метрді құрайды. Кешенде: қонақ үй, кеңселер, пәтерлер, сауда орталығы, мейрамхана, ойын-сауық орталықтары, қысқы бақ орналасады. Кешен Астананың халықаралық аэропортымен монорельсті жол арқылы бірлеседі деп жоспарлануда. Сондай-ақ 4100 автакөлікке арналған тұрақпен қаматамасыз етіледі. Өз кезегінде бұл жоба шығыс Еуропамен СНГ елдері арасындағы ең озық технологиялық кешен болатыны да мәлімденді. Энергия үнемделуі тұрғысынан да ең алдыңғы қатарлы стандарттармен жасалуы арқылы ЭКСПО-2017 көрмесінің қарсаңындағы иннавациялық жобалардың бірі болып табылады. Ғимараттың артында 4 шақырымға созылатын аллея арқылы халықаралық көрме аймағына өтуге болады. Бұл айтулы кешен елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының БАӘ-не шеккен іс-сапарындағы қол жеткізген жемісі деуге болады. Жобаға жалпылама инвестиция ретінде 1 миллиардтан астам АҚШ доллары құйылады деп болжануда.