Мақала - Мотивация, мақсат және жетістік
• Мотивация – жетістікке жетуді қамтамасыз ететін ынталандырушы күш.
• Бұл күшті іске қосу әркімнің өз қолында.
• Өз өнімділігіңізбен жарысыңыз, арттыруға, жетілдіруге тырысыңыз.
• Қазірге дейінгі (бар болса) сәтсіздіктеріңіздің артта қалғанын ойлаңыз.
• Әр жаңа күннің жаңа бастауыш болатынын ұмытпаңыз.
• Еңбегіңіздің зая кетпейтінін міндетті түрде жемісін көретініңізге сеніңіз.
• Өз-өзіне деген сенімділік өте маңызды. Қандай да бір істі орындай алатынына немесе алдына қойған мақсатына жете алатындығына, жетістікке жететініне сену осы жолдағы ең әсерлі күш-жігер беретін мотивация.
• «Бұл іс қиын», «бұл сабақ қиын» деген сияқты тежеуші ойлардың орнына «Қажетінше тырысатын болсам бұл менің қолымнан келеді» деп ойлау керек.
• Жетістікке жетудің ең маңызды негіздерінің бірі алға мақсат қою.
• Мақсатсыз адам, жүзетін бағытын білмейтін кемеге ұқсайды. Оған ешкім көмек бере алмайды.
• Қазіргі сәттен бастап алдыңызға мақсат қойыңыз.
• Қысқа, орта және ұзақ мерзімді мақсаттарыңызды жоспарлаңыз. Осы жыл ішіндегі басты мақсаттарыңызды белгілеп ынта-жігерлеріңізді осы мақсатқа шоғырлаңыз.
• Іс-шараларыңызды маңыздылығына қарай реттеңіз. Күш-жігеріңізді маңыздыларына жұмсаңыз.
• Алға қойған мақсатыңызды үлкен әріптермен жазып, мәселен жұмыс столыңызға қарсы алдыңызда көрінетіндей етіп іліп қойыңыз.
• Адам бір нәрсені бүкіл ынта-жігерімен, шын жүрегімен қалап тырысып бақса, оның ала алмайтын қамалы болмайды, еш нәрсе қол жеткізе алмайтындай биікте емес.