Сұхбат - Барлық күнәлардан сақтану керек
Күнәлар – Аллаһтың әмірін орындамау болғандықтан барлығы үлкен. Хадис шәрифте былай бұйырылды:
“Өте кішкентай күнәдан қашу, бүкіл жын және адамдардың ғибадаттарының қосындысынан да жақсы.”
Аллаһу та’аланың ашуы күнәлардың ішінде жасырулы. Бір күнәнің кесірінен үлкен азапқа душар болуымыз мүмкін. Мыңдаған жылдар ғибадат еткен жақсы құлын мәңгілік Жаһаннамға тастауы мүмкін. Мәселен екіжүзмың жыл мойынсұнып келген Ібліс (шайтан) кібірленіп сәжде етпегені үшін мәңгілік Жаһаннамдық атанды. Адам алейхиссаламның ұлы бір адам өлтіргені үшін мәңгілік Жаһаннамдық болды. Барлық дұғасы қабыл болған Бәламы Баура бір күнәға аз ғана бейімделгені үшін имансыз кетті. “Оған ұқсағандар ит секілді” деген атқа ие болды.
Карун Муса алейһиссаламның туысқаны еді. Бай болғаны соншалықты тек қазыналарының кілттерін қырық қатыр алып жүретін. Бірнеше ақша зекет бермегені үшін мал-мүлкімен бірге жермен жексен болды. Салебе де сахабалардың арасында көп ғибадат ететін еді. Мешіттен шықпайтын. Бір рет сөзінде тұрмағаны үшін сахабалық мәртебесіне қауыша алмады, имансыз өлді. Пайғамбарымызға ол үшін дұға етпеуі бұйырылды. Аллаһу та’ала осылар секілді қаншама адамнан бір күнәнің себебінен кек алған.
Олай болса кез келген күнәдан қашуға тырысу керек. Кішкентай күнә істегенде тәубе етіп истиғфар айту керек, кешірім үшін жалбарыну керек. Күнә істеген кезде үмітсіздікке түспеу керек, дереу тәубеге бет бұру керек. Мұсылман әрі Аллаһтың рахметінен үмітін үзбеуі керек, әрі Одан қатты қорқуы керек.
Хадис шәрифте былай бұйырылды:
“Мұсылманның көңілінде қорқынышпен үміт болса, Аллаһу та’ала оны үміт еткеніне қауыштырады, қорыққанынан сақтайды.”
Яғни бір мұсылман Аллаһтың азабынан қорқып, рахметінен үмітін үзбесе, харамдардан қашып ғибадаттарын жасауға тырысса Жаннатқа кіреді.