Мақала - BBC-де «Қалай мұсылман болдым» атты бағдарлама
ВВС телеканалы ислам дінін қабылдаған әйелдердің қалай өмір сүретінін таспаға түсіріп, экранға шығарды. Бұрыңғы әдеттерін тастап, не үшін мұсылман болғандарын бірнеше мысалдармен миллиондаған халыққа ұсынды. BBC-дің ислам дінін таңдаған жас ағылшын әйелдерді теледидардан көрсетуі, көздерімізді соңғы жылдарда мұсылман болған атақты әйелдерге қаратты. «Make me a muslim» (Мені мұсылман қыл) атты деректі фильмде, Англияда ислам дінін қабылдап жатқан жас ағылшын әйелдерінің саны күн сайын артып жатқанын көрсетуде. BBC телеарнасынан көрсетілген бұл деректі фильмде спиртті ішімдіктерді және түңгі өмірін тастап, өмірлерін мұсылман ретінде жалғастырған 5 жас әйел ислам дінін не үшін және қалай қабылдағанын және мұсылман болған соң өзгерген өмірлерін түсіндіреді. Ағылшын "The Sun" газетінде жарыққа шыққан бұл хабарда, жыл сайын 5000 әйелдің мұсылман болып жатқаны мәлімденді. Хабарда баяндалған мәлімет бойынша мұсылман болғандардың 75 пайызын ақ нәсілді ағылшын әйелдері құрайды. Мұсылман болған ағылшын әйелдер арасында ислам дінінің отбасы құндылығына берген мәні және қоғамдық өмірге қатысты дәстүрлі құндылықтардың да үлкен рөл атқаратыны белгіленді.
Сванси университетінен Кевин Брайс, ислам дінін таңдаған әйелдердің саны еркектердің санынан екі есе көп екенін атап өтті. Әйелдердің рухани аштықты кетірудің ізденісінде жүргендігіне тоқталған Брайс көпшілігінің ұзақ зерттеп, егжей-тегжейлі мәлімет алғаннан кейін шешім қабылдағандарын мәлімдеді.
ВВС-дің дайындаған декерті фильмінде мұсылман болған жас ағылшын әйелдерінің өміріндегі болып өткен оқиғалары теледидардан көрсетілді. Әйелдер ислам дінін жақсылап зерттеп, қате түсініктерінен құтылғандарын айтып түсіндірді. Фильмде Оңтүстік Уэльстегі Бридженд қаласының тұрғыны 24 жасар Клеир Эванстың ислам дінін қабылдаудан алдыңғы және кейінгі тіршілігі баяндалды. 21 жасар Алана Блокей: «Мұсылмандықты үйренген сайын жан тыныштығына, бақытқа қауыштым.» дейді. Полиция қызметкері Жейн Кемп, есімін Әмина деп өзгерткенін мәлімдеді.