Тарих - Европадағы тазалық
1) Англияда орта ғасырда король IV. Генрих рыцарь шенін табыстау салтанатында, осы рыцарларына өмірінде ең болмағанда бір рет жуыну шартын қойған екен.
2) Мәшһүр француз тарихшысы Michelet: «Мың жыл бойынша бірде бір монша салынбады» деп Еуропадағы тазалықтың қаншалықты қорқынышты халде болғанын атап өткен.
3) Дүниежүзіндегі ең үлкен сарайлардың бірі саналатын Фонтенбло және Версаль сарайларының өзінде, салынған кезіндегі құрамында әжетхана жоқ еді.
4) XVIII ғасырларда Англияда адамдар нәжістерін терезеден сыртқа тастайтындықтан су бұлақтары ластанып, халық бірнеше жыл су іше алмай, қиындық көрген. Осы себепті көшелерде нәжістерден қорғану үшін қолшатыр мен биік өкшелі аяқкиімдер шығарылып қолданыла бастаған.
5) Еуропада соңғы бірнеше ғасырларға дейін жалғасын тапқан бұл ақылға қонымсыз ластық пен жиіркеніш халі үкімін жүргізіп жатқанда, мұсылман әлемі түгелдей тазалық ішінде болды. Барлық жерде моншалар бар еді. Сондай-ақ әр елді мекенде жеткілікті мөлшерде бар болған мешіттердегі әжетханалар да қоғамдық әжетхана қызметін атқарды. Халық онсыз да Ислам дінінің міндеті болған тазалықты басты міндет деп білетін. XVII ғасырда Әулия Челеби Стамбұлда 14838 монша болғандығын жазған. Сарайда, керуен сарайларда, тіпті қарапайым үйлердің өзінде моншалар мен әжетханалар болды. Кішкентай үйлердің әжетханалары сыртта болатын. Сонымен қатар барлық дерлік үйде кішкентай моншалық бөлме ғұсылхана ретінде қолданыста болды.
6) Ислам тарихында белгілі болғандай, тіс пастасының шығуынан қаншама жыл алдын мисуак қолданылатын еді және оған аса мән беретін. Қазіргі күнде де мисуакқа қатты мән беріледі. Америкада тіс тазалау, 2 Дүниежүзілік Соғысында әскерлерге мәжбүрлеп тістерін жуғызғанға дейін үйреншікті халге келмеген екен.