Денсаулық - Коланың зияндары
Ішкі ағза және жүрек ауруларының мамандары коланың зияндарын былай баяндады:
♦ Алғашқы 10 минутта: Қанға 10 шай қасығы мөлшеріндей шекер кіреді. Бұл күнделікті қажетті мөлшерден 100 есе көп. Құрамындағы фосфор қышқылының себебінен жүрек айнымайды.
♦ 20 минутта: Қанның құрамындағы шекер мөлшері шамадан тыс көбейеді. Соның нәтижесінде шамадан тыс мөлшерде инсулин бөлінеді және қанның құрамындағы артық шекер бауырда май болып жинала бастайды.
♦ 40 минутта: Кофеин түгелдей қан айналым жүйесіне кіреді. Қан қысымы көтеріліп, бауырдан көбірек шекер бөлініп қанға өтеді және қанның құрамындағы шекердің мөлшері тағы да артады.
♦ 45 минутта: Мида дофамин гармоны артады және жағымды эмоция сезіледі. (Есірткі заттардың әсеріне ұқсас бір әсер береді.)
♦ 60 минутта: Қарын ашып, тағы да кола және тәтті сусын ішу қалауы пайда болады. Осындай айналым жалғасқан сайын бауырмен бүйректің майлануы артады, дененің бүкіл жасушаларында лептин мен инсулин тойтарысы орын алады. Семіздік кеселіне жол ашылып, бұл да көптеген дегенеративті аурулардың себепкері болып табылады.
Әдеп-ахлақ - Мұсылманның үш қасиеті
Муаз бин Яхья былай деген: «Мұсылманда мына үш қасиет бар болса, ол жақсы деп саналады:
- Мұсылман бауырына пайдасы болмаса да зиянын тигізбеу.
- Оның қуанышына ортақ бола алмаса да, оған қайғы әкелмеу.
- Оны мақтамаса және жақсылықтарын айтпаса да, оны жамандамау.»