Untitled Document

Күннің тарихы - Хазрет Ақ Шамседдин

Стамбул жеңісінің рухани жетекшісі, ұлы ғалым, ұстаз, дәрігер және әулие хазреті Ақ Шамседдин Фатих Сұлтан Мұхаммет ханның ұстазы болатын. 1390 жылы Шам (Дамаск) қаласында туылып, 1460 жылы Гөйнүк (Түркия) қаласында қайтыс болған. Әр жылы мамыр айының соңғы жексенбі күні, Гөйнүкте еске алу күні аталып өтуде.
Хажы Байрам Уәли хазреттерінің шәкірттері арасынан шыққан хазреті Ақшамседдин "Рисалат-ун-нурийа" және "Мадда-тул-хайат" атты кітаптардың авторы. Ақшамседдин хазреттері бұл кітаптарында: «Аурулар адамнан адамға жанды болмыстар арқылы өтеді» деп микробтарды алғаш ашқан ислам ғалымы болған.

Хазреті Ақ Шамседдиннің үгіт-насихаттары:

Әрбір ісіңді бисмилләһ айтып баста. Таза бол, әрдайым жақсылық жасауды әдетке айналдыр, жалқау болма, намазға мән бер. Ниғметке шүкір, қиыншылыққа сабыр ет. Дүниенің бағына алданып тәкаппар болма. Өмірің ұзақ болсын десең ешкімге ашуланба, ешкімге жәбір көрсетпе. Ешкімнің ниғметіне хасад етпе (көре алмаушылық етпе). Сенен үстем болған адамның алдына түсіп жүрме. Тырнағыңды мүлдем тістеп кеспе. Көп ұйықтау табысыңның азаюына себеп болады. Ақылың болса сапарға жалғыз шықпа. Сәре уақтында Құран кәрім оқы. Зікірің үнемі хамди худа (Аллаһу та'алаға хамд ету) болсын. Жаһаннам азабынан да алаң бол. Хасадтан аулақ бол, өзіңді басқаларға мақтама. Намахремге (харамға) қарама, харамға қарау ғафлет береді. Ешкімді ренжітпе. Жерге түскен нәрсені тазалап жейтін болсаң кедейліктен құтыласың. Әдепті, қарапайым мінезді және жомарт бол. Жүніп адаммен бірге тамақ жеу көңілге мазасыздық береді. Бір үйде жалғыз жатудан сақтан. Тыржалаңаш жату кедейлікке себеп болады.