Сұхбат - Жақсы адам болу
Аллаһқа сенетін және Одан қорқатын адам, Оның әмірі мен тыйымдарына мән береді. Ешкімге жамандық жасамайды. Өзіне жасалған жамандыққа сабыр етіп, кемшіліктеріне тәубе етеді. Жұмыс істегенде, сауда жасағанда ешкімнің ақысын жемейді. Ілім мен ахлақ иелеріне құрмет көрсетеді. Достарын жақсы көреді және олар да оны жақсы көреді. Ешкімге дөрекі мәміле жасамайды. Мал-мүлікке және мансапқа ие болуды адамдарға жақсылық жасау үшін сұрайды. Өзін ұнатпайды. Аллаһу та'аланың әрқашан көріп, біліп тұрғанын ойлап ешқашан жамандық жасамайды. Қысқаша айтқанда, Аллаһу та'аладан қорққан адам, бүкіл адамзатқа пайдалы болады.
Зекертік жұмбағы - Үлестіру
Мұрат 100 км қашықтықтағы қалаға бару үшін машина жалға алады. Жарты жолға келгенде досы мінеді және қалған 50 км жолды екеулеп жүріп өтеді. Кешкісін кері қайтарда да бірге қайтып, досы мінген жерінен түседі. Мұрат өз қаласына жеткен соң машинаны өткізіп 24000 тг төлейді. Мұрат пен досы осы шығынды әділетті түрде бөлісіп төлеулері үшін қанша теңгеден шығаруы керек?
(Жауабы ертең...)