Untitled Document

Естідіңіз бе - Адам денесі

• Бүкіл адамның саусақ іздері бір-бірлеріне ұқсамайтыны секілді, тіл іздері де ұқсамайды.
• Сәбилерде 350, ал ересектерде 206 сүйек бар.
• Түшкірік ауада сағатына 161 км жылдамдықпен тарай алады.
• 60-жастарда еркектердің 60 пайызы, ал әйелдердің 40 пайызы қорылдайды.
• Адам өмір бойы 25 мың литр түкірік бөледі.
• Ащы ішектің ұзындығы адамның бойынан төрт есе ұзын.
• Адам ағзасындағы ең қатты зат тіс эмалі.
• Денеміздің әр сантиметр квадратында 32 миллионға жуық бактерия өмір сүреді.
• Бір жұп аяқта 500 мың тер безі болады.
• Адамдар сағат сайын шамамен 600 мың (түлеген) тері партикулярын (бөлшегін) төгеді.
• Қан жасушалары (екі жағы ойық) дисктер формасында болады.
• Адам денесіндегі тамырлардың ұзындығы 96560км.
• Мұрнымыз 50 мың түрлі иісті ажырата алады.
• Асқазанның шырышты қабығының өмірі өте қысқа болғындықтан 3-4 күнде бір жаңаланады.
• Адамның шаш қылдарының саны шамамен 100 мың болады. Сарғыш шаштыларда шаш көбірек болады.
• Қолымыздың тырнақтары көп қолданылғандықтан тез өседі.
• Адам 11 күн ұйқысыздыққа шыдай алады.
• Әр мың нәрестенің бірі бір тісі шыққан күйде туылады.