Күннің тарихы - Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығы (1)
Ілияс Есенберлин- қазақ халқының сан ғасырғы тарихын көркем тілмен бейнелеп, қазақ елінің әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан үздік қаламгер, асқан шебер ақын-жазушы. (10 қаңтар 1915 жылы қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласында туылып – 1983 жылы Алматыда дүние салған.) Ұлы отан соғысының ардагері. Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы, ҚР Геология министрлігінде аға инспектор, Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы секілді аламан қызметтердің тізгінін ұстап, «Еңбек», «Қызыл ту ордені», «Құрмет белгісі» ордені, «Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығы» секілді бірқатар жүлделердің иесі. "Қаһар", "Алмас қылыш", "Жанталас" секілді 30-дан астам тарихи, мәдени туындылардың авторы. Көптеген шығармалары бірнеше тілдерге аударылып жарық көрген. Жарты әлемге аты мәшһүр "Көшпенділер" трилогиясы ел президенті Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, «жалпы таралымы үш миллион данамен елу реттен аса шығарылып, қазірдің өзінде отыз тілге аударылған».
Жазушы I. Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХV-ХІХ ғ.ғ. тәуелсіздік үшін табанды күресін көркем суреттейді. Осы жолдағы қыруар қиындықты, ішкі қайшылықтарды, адами қатынастарды, олардың әрекеті мен мінез-құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт-сананы көрсетеді. Тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелерге сүйене отырып, қаламгер қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасайды.
(Жалғасы ертең...)