Untitled Document

Жануарлар әлемі - Морж

Суық теңіздерде өмір сүретін ірі денелі, жүзбе қанаты бар сүтқоректі жануар. Ұзындығы 4,5 метрге жетеді, ал салмағы 1000-1500 кг шамасында. Тістері 4 айлық кезінен бастап шыға бастайды. Кейбірлерінің тістерінің ұзындығы 1 метрден асады. Ол тістерден брелог, бижутерия сияқты әшекей бұйымдары жасалады. Ұзын тістерімен теңіздің түптерінен қопарып алған мидия сияқты моллюск түрлерімен қоректенеді. Жұмсақ артқы тістерімен сындырып, еттерімен бірге жұтады.

Морждардың иіс сезімі өткір болады. Артқы жүзбе аяқтарын алға соза алады. Еркектері бөлек, ұрғашылар мен балалары бөлек халде өмір сүреді. Байсалды болса да, ашуландырылған кезде немесе қауіпті жағдайларға тап болғанда шулы дауыстар шығарып, ақ аюлар мен киттерден ұзын тістерімен қорғанады. Дауыстары 1- 2 км қашықтықтан естіледі. Эскимостар морждың майы мен еттерін жейді, терілерінен киім, ал сүйектерінен әртүрлі құралдар жасайды.

Денсаулық - Жаяу жүру

Әр күні біраз уақыт жаяу жүру, адам денсаулығы үшін өте пайдалы. Жүру - ас қорытылуын жеңілдетеді, тәбетті ашады және жүйкені тыныштандырады. Сондықтан жаяу жүру барлық жастағылар үшін де өте пайдалы. Ең денсаулығы мықты және мығым қарттар көп жүрген адамдардың қатарынан болады. Дененің және бұлшық еттердің қуатын арттыратындықтан жүкті әйелдер үшін де өте пайдалы. Жаяу жүріп серуендер кезде аяқ киімнің асты тегіс, жалпақ және аяқ киімнің жеңіл болуына мән беру керек.