Сұхбат - Кедейліктің себебі жалқаулық.
Ризықты беретін Аллаһу та’ала. Жұмыс істеу ризықты көбейтпейді. Жұмыс істеу арқылы ризықтың себебіне жүгінген боламыз. Бұл сүннет. Ризық үшін алаңдамау керек! Құран кәрімде «Әрбір жандының ризқы Аллаһқа тиісті» делінген. Хадис шарифтерде былай делінеді:
Ризық үшін қайғырма, тағдырыңда болған ризық сені табады. [Исфахани]
Еңбек етіп күн көру әрбір мұсылманға фарз. [Табарани]
Еңбек етпей өзін садақа сұрайтындай дәрежеге түсірген кісі 70 нәрсеге мұқтаж болады. [Тирмизи]
Әке-шешені, бала-шағаны бағу үшін, ешкімге мұқтаж болмау үшін еңбек ету – жиһад. [И. Асакир]
Өмірім ұзақ болсын, ризығым мол болсын деген адам туыстарын зиярат етсін, оларға қамқор болсын! [И. Ахмед]
Таңертеңгілік ұйқы ризыққа кедергі болады. [Байхаки]
Қажеттілігін (жоқшылығын) халыққа ашқан адам, мұқтаждықтан құтыла алмайды. Аллаһтан сұраған адам мұқтаждықтан құтылады. [Хаким]
Үйге кірерде “Ихлас” сүресін оқыған адам кедейлік көрмейді. [Қуртуби]
Әр түні “Уақиа” cүресін оқыған адам кедейлік көрмейді. [Асакир]
Қиындыққа тап болған немесе қарызданған адам, мың рет “Лә хаулә уәла қууата иллә билләһил алийил азыйм” десе Аллаһу та’ала жұмысын жеңілдетеді. [Шира]
Ризыққа қауышқан кісі көп шүкір етсін! Ал ризығы азайған адам көп истиғфар етсін! [Хатиб]
Шүкір – “Әлхамдулилләһ”, Истиғфар – “Астағфируллаһ” деген сөз. Истиғфар ету – күнәларының кешірілуіне себеп болатын жақсылықтарды жасау деген сөз.
Бала-шағасын бағуда қиыншылық шегіп жүрген бір адамға пайғамбарымыз: “Неге истиғфар айтпайсың? Мен күніне 100 рет истиғфар айтамын” деген.
Хасан Басри хазреттеріне бірнеше адам жұт, жоқшылық және бала болмауына шағымданып келген еді. Бәріне истиғфар айтуларын бұйырды. Себебін сұрағанда мына аят кәриманы оқыды: «Көктен мол жауын жаудыруы үшін, сендерге мал-мүлікпен бала-шаға беруі үшін, сендерге бау-бақша, өзендер беруі үшін, өте кешірімді болған Раббыңызға истиғфар айтыңдар” [Нух 10-12]