Untitled Document

Жәннәтул Әсма

«Мәжмуатул-Аһзаб» кітабында былай делінген: «Имам Ғазали хазреттері былай дейді: Куфа мен Басрада жұқпалы ауру шыққан еді. Куфа қаласының алдыңғы қатарлы адамдарынан Абдуллаһ бин Хасан мен Әбул Мунзир, хазреті Әлиге (радиаллаһу анһ) келеді. «Басымызға келген аурудың кесірінен адамдар қырылып жатыр. Адамдар мәйіттерді жерлеп үлгере алмауда. Тіпті жабайы аңдарға жем болғандар да бар! Йа әмирәл мүминин, осы қиын жағдайда бізге шара боларлық жол көрсетіңіз», деп сұранады. Әли (радиаллаһу анһ) оларға мыналарды жазып береді: «Жәннәтул-Әсма – әсма-и хуснадан (Аллаһу та’аланың көркем есімдерінен) алтауының бір уақытта оқылуы. Олар: «Фәрдун, Хаййун, Қаййумун, Хакәмун, Адлун, Қуддусун» есімдері. Бұларды басында бисмилләһ айтып, қажеттілікке қарай соңына бір аятпен бірге азанда және кешке жиі-жиі оқу керек. Мысалы оба ауруы сияқты жұқпалы аурулардан сақтанғысы келген адамдар Жәннәтул-Әсманы былай оқиды:

«Бисмилләһиррахманиррахим. Фәрдун, Хаййун, Қаййумун, Хакәмун, Адлун, Қуддусун әуәмән кәна мәйтән фә аһйайнаһу.» деп оқиды.
Қиыншылықтарға тап болған және мүшкіл жұмыстарының жеңілдеуін қалағандар да осы қағида бойынша былай оқиды:
«Бисмилләһиррахманиррахим. Фәрдун, Хаййун, Қаййумун, Хакәмун, Адлун, Қуддусун, уә йәж’алуллаһу ба’дә усрин юсра.»

Кешегі жауап

«Мені атып өлтірткізесің» депті. Егер оны атып өлтірсе, шындықты айтқан болатындықтан асып өлтірілуі қажет болады. Егер оны асып өлтіртсе өтірік айтқан болып, атып өлтірілуді қажет етер еді.