Untitled Document

Тарих - Патрик Грегориустың хаты

Османлы мемлекетінде қаншама жыл орыс елшісі ретінде қызмет атқарған Игнатьев күнделігіндегі жазбаларда сұлтан екінші Махмұд хан дәуірінде Фенер Патрикханасының есігінде ілініп тұрған 1821 жылғы (хижри1237 ж) Рум (грек) көтерілісін жоспарлаған Патрик Грегориустың орыс патшасы Александрға жазған хаты келтірілген. Хаттағы мәтіндер:

«Түріктерді материалдық тұрғыдан құлату, жеңу мүмкін емес. Өйткені түріктер мұсылман болғандықтан өте сабырлы, төзімді халық. Аса намысқойлығы және қуатты имандарымен ерекшеленеді. Бұл мінездері діндерін бекем ұстанғандықтан, тағдырға разы болғандықтан, әдет-ғұрыптарына берік және патшаларына (үлкендерге, басшыларына) мойынсұнуларынан келіп шығады.

Түріктер өте ақылды, еңбекқор және өте қанағатшыл халық. Олардың бүкіл қасиеттері, тіпті ерлік, батылдық сезімдері де әдет-ғұрыптары мен ахлақ ұстанымдарына мығым берілгендіктен.
Түріктердің алдымен басшыға мойынсұну сезімін сындыру, рухани байланыстарын бөлшектеу, діни сенімдерін әлсірету қажет. Ал мұның ең қысқа жолы оларды ұлттық салт-дәстүрлеріне және рухани болмыстарына жат болған іс-әрекеттерге дағдыландыру.

Руханияттары күйреген күні оларды өздерінен сан алуан есе басым күштерге де қарсы тойтарыс бергізіп тұрған құдірет құлдырайды, осы арқылы оларды тізе бүктіре алу мүмкін болмақ. Сондықтан Османлы мемлекетін құлату үшін тек қана соғыстағы жеңістер жеткілікті емес. Жасалуы тиісті нәрсе, жасырын түрде түріктердің санасын күйрету керек.»

Бұл хатта ғибрат аларлық көп нәрсе бар. Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы мына екі мәселе:

1) Түріктердің руханияты мен дінін құлату үшін, түріктерді ұстанымдарына, мінез-құлықтарына жат болған әдеттерге дағдыландыру.

2) Жасырын түрде түріктердің ой-санасын өзгерту.

Қазіргі таңда бұл аталғандар батыстың идиологиясына, модасына, әдеттеріне еліктіру арқылы орындалуда.