Күннің тарихы - Мәулана Жалалиддин Руми
Хазреті Мәулана Жалалиддин Руми Аллаһу та’аланың әулиелерінің ұлыларынан. 1207 жылы Бәлх қаласында туылып, 1273 жылы 17 желтоқсанда Конья қаласында қайтыс болған. Тегі әкесі тарапынан хазреті Әбу Бәкірден, анасы тарапынан Ибраһим бин Әдхем хазреттерінен келеді. Әкесі Бахауддин Уәләд кемел ғалым және әулие еді. Жас кезінде әкесінен тәлім алып, оның көңіліндегі фәйздарға (нұрларға) қауышады. Әкесімен Хижазға, кейін Шамға, ал ол жерден Коньяға келеді. Алдымен әкесінің халифасы сәйид Бурханеддин Тирмузиден 9 жыл фәйз алды. Тасаууфта үлкен мақамдарға қауышты. Кейін оны Шәмседдин Тәбризи жетілтіреді. Жалалиддин Руми ней (сырнай) және дүмбелек шалмаған, айналып билемеген. Мұндай нәрселерді кейіннен 15 ғасырларда сауатсыздар ойлап шығарған. Диуанында 30 мың, Мәснәуиінде 47 мың шумақ бар. Мәснәуиін дұшпандардың өзгерте алмайтындай түрде ақындық шеберлікпен жазған.
Мәулана хазреттері ахирет өмірін түсіндірерінде: «Топыраққа егілген қай ұрық, топырақ бетіне тіріліп шықпаған?» деп, топыраққа көмілген адамдардың қайта тірілетінін білдірген.
Сұхбат - Бес нәрсе
Қараңғылық бес нәрседе. Олардың жарықтануы да бес нәрседе:
– Дүниені жақсы көру қараңғылық, ал мұның жарықтануы тақуалықта.
– Күнә істеу зұлымдық, ал мұның шырағы тәубе етуде.
– Қабір қараңғылық, ал мұның жарығы «Лә илаһә иллаллаһ Мухаммәдун расулуллаһ» деп айту.
– Ахирет қараңғылық, ал мұның шырағы жақсы амалдар.
– Сырат көпірі қараңғылық, ал мұның шырағы ахиретке яқинен (көріп тұрғандай) сену.