Untitled Document

Сұхбат - Аллаһты жақсы көрудің жолы

Хазреті Хусейн Хилми Истанбули былай деген:

Ғибадаттардың және дүние істерінің пайдалы әрі берекелі болуы үшін, оларды тек Аллаһ үшін жасау, Аллаһ үшін табу және Аллаһ үшін беру керек, қысқасы ықыласты болу керек. Ықылас дегеніміз Аллаһу та’аланы жақсы көру және тек Аллаһ үшін жақсы көру дегенді білдіреді. Адам жақсы көретін нәрсесін көп еске алады. Жүрек әрдайым Оны зікір етіп, еске алады.

Аллаһу та’аланы жақсы көретіндердің Оны көп еске алуы керек, әрдайым жүрегімен Оны зікір етуі тиіс. Бұл жөнінде Құран кәрімде: «Аллаһу та’аланы көп зікір етіңдер!» деп бұйырылды.

“Қунуз-уд-дақайқ” кітабындағы хадис шәрифтерде былай делінген:

«Дәрежелері ең биік болғандар – Аллаһу та’аланы зікір еткендер.»
«Аллаһу та’аланы жақсы көрудің белгісі – Оны зікір етуді жақсы көру.»

Аллаһу та’аланы көп зікір ете алудың жолдарын тасаууф ғалымдары білдірген. Бұл жолдардың ең оңайы Кәміл ғалым (Муршид) тауып, оны жақсы көріп, құрметтеп, оның жүрегінен келетін фәйздарды (имандылық нұры) алу. Кәміл ғалым дегеніміз өзінен алдыңғы кәміл ғалымнан фәйз алып, оған ұқсап фәйз бере алатын қасиетке қауышқан Ислам ғалымы дегенді білдіреді. Бұл қасиетке қауышқандығы кәміл ұстазы тарапынан өзіне жазулы түрде білдіріледі. Кәміл ғалымдардың бір-бірінен фәйз алулары шынжырдың сақиналары секілді жалғасып Расуллуллаһтың “саллаллаһу алейһи уасаллам” заманына дейін жетеді. Яғни бір кәміл ғалым Расуллуллаһтан бастап ұстаздары арқылы өзінің жүрегіне келіп жатқан фәйздарды, халдерді, берекеттерді басқалардың жүректеріне өткізуде.

Кәміл ғалыммен одан фәйз алатын шәкірттің салих мұсылман болуы тиіс. Әһли сүннет сенімінде болмаған, мәселен: Сахабалардан қандай да біріне тіл тигізетін және төрт мазһабтың біріне мойынсұнбайтын, харамнан сақтанбайтын, мысалға: зайыбының, қызының дініміздің әмірлеріне сай киіндірмейтін және балаларының Ислам ілімдерімен Құран кәрімді үйренулері үшін тырыспайтын адам кәміл ғалым емес, тіпті салих мұсылман да емес. Муршидтің әрбір сөзі, әрбір іс-әрікеті Әһли сүннетке және Илмихал кітаптарына сай болады. Расуллуллаһтың хижрасынан 1000 жыл өткеннен кейін ақыр заман басталды. Қияметтің белгілері көбейді. Ақыр заманда Аллаһу та’аланың Қаһр және Жалал сипаттары көбірек көрініс тауып, фитна мен пәлекеттер көбейеді. Дін ілімдері бұзылып, Әһли сүннет ғалымдары және кәміл ғалымдар азаяды.